Сазан балығы туралы не білеміз?

Сазан-су өсімдіктерімен, суға жел ұшырып түсірген құрлық өсімдіктерінің тұқымымен, шаянтәрізділермен, былқылдақденелілермен, әр түрлі ұсақ омыртқасыз жәндіктермен қоректенетін кәсіпті балық. Қорек ең алдымен балықтың аузына түсіп, соған жалғасып жатқан жұтқыншаққа қарай жылжиды. Жұтқыншақтың қабырғасы желбезек саңылаулары арқылы желбезек қуысымен жалғасады. Одан әрі жұтқыншақтан қарынмен жалғасатын өңеш созылады. Қарынның қабырғалары жұтқыншақтан түскен қоректі қорытатын сөл бөледі, қорек қарында қорытыла бастайды.
Қорек қарыннан алдыңғы, ортаңғы және артқы ішекке қарай жылжиды. Бауыр мен ұйқыбездің өт және сөл жүретін жолы алдыңғы ішекке ашылып, қорек ішектің алдыңғы бөлігінде толық қорытылады және кенеулі заттар ішектің соңғы бөлігіне түсіп, одан аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады.
Сазанның тынысалу мүшесі -желбезек. Желбезек желбезек доғаларынан құралады. Әр доғаның бір жағында желбезек жапырақшалары, екінші жағында желбезек талшықтары орналасады. Желбезектің нәзік бөліктерін желбезек қақпағы жауып жатады.
Сазан балығы Кіші Арал теңізінде негізгі кәсіптік балық түрлерінің бірі болып табылады және әуесқой балықшылар да аулайды.
Ұ. Қожабаев
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы ГПЗ