Сексеуіл егудің сыры

Үш күн бойы Арал қаласы, Жаңақұрылыс, Қамыстыбас, Аманөткел және Қаратерең ауылдарының тұрғындары қатысқан семинар өтті. Семинар «Aral Oasis» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырып жатқан «ARAL OASIS» қоғамдық бірлестігі «Арал оазистеріне арналған 100 Микротәлімбақтар» ауқымды жобасының бір бөлігі болды. Шараның басты мақсаты – жергілікті тұрғындарды сексеуіл егу дағдыларына үйрету, кәсіпкерлікті дамыту және экологиялық сауаттылықты арттыру.
Жоба жүзеге асырылып жатқан ERAS-1 жобасы мен алдағы уақытта Арал ауданында орман өсіру және ормандарды толықтыру бастамалары үшін сапалы көгалдандыру материалдарының тапшылығын шешуге бағытталған.
«ARAL OASIS» қоғамдық бірлестігі «Арал оазистеріне арналған 100 Микротәлімбақтар» жобасының негізгі мақсаты: орман өсіруді сапалы отырғызу материалдарымен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда көшетке 250 мың дана сұраныс бар.
Семинарды қоғам қайраткері, жазушы Бекнұр Қисықов ашып, сексеуілдің экожүйені қалпына келтірудегі рөлі мен өңір тұрғындары үшін маңызды мүмкіндіктеріне тоқталды. «Aral Oasis» қоғамдық бірлестігінің президенті Зәуреш Әлімбетова да сөз сөйлеп: "Жобаның мақсаты жергілікті қоғамдастық үшін Аралдың құрғап қалған түбін өсімдіктермен жабу жоспарланып отыр" деп атап өтті.
Қатысушылар назарына сексеуіл көшеттерін өсіруге және қосымша табыс табуға бағытталған тиімді бизнес үлгілері ұсынылды. Тұрғындар келешекті белсенді түрде талқылап, өз идеялары мен жоспарларымен бөлісті. Семинарға барлығы 53 адам қатысып, олардың әрқайсысы жобаға қосылуға дайын екендіктерін жеткізді.
Жоспар бойынша келесі семинар 2025 жылдың наурыз айында өтеді және сексеуіл егу бойынша тәжірибелік сабақтарға арналады. Қатысушылар отырғызу материалдарымен, қажетті құрал-жабдықтармен және шағын питомниктерді құру бойынша қосымша нұсқаулықтармен қамтамасыз етіледі. «ARAL OASIS» қоғамдық бірлестігі «Арал оазистеріне арналған 100 Микротәлімбақтар» жобасы Арал теңізінің құрғаған түбінің экожүйесін қалпына келтіруге қосқан үлесі ғана емес, сонымен қатар жергілікті қауымдастықтардың экономикалық жағдайын жақсартуға және аймақтың экологиялық болашағына елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді.
Нұрай ӘМІРХАНОВА