Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Соңғы жылдардағы оқу-тәрбие үрдісі

Соңғы жылдардағы оқу-тәрбие үрдісі

Еліміздің білім беру саласына өз үлесін қосып келе жатқан киелі шаңырақ, іргелі оқу ордасының соңғы жылдарында жұмысшы маман кадрлар даярлау кең көлемде жүргізіліп келеді. Кәсіптік бағыттағы білім – уақыт пен кезеңді талғамайтын, қоғамның қай саласында да өзіндік жауапкершілігі мен ұстанымы бар үлкен бір білім саласы.
Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында 2008-2010 жылдары төрт жаңа мамандық бойынша 250 жұмысшы (3-еуі техникалық бағытта) дайындалды. 2010 жылы «Жол картасы» бағдарлама бойынша кадрларды даярлау курстарында білім алса, жұмыссыз 120 азамат кәсіби білім алды.
Техникалық және кәсіптік білім ұйымдары бітірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің басты мақсаты түлектердің кәсіптік даярлығы сапасын бағалау болып табылады. Осы тұста ТжКБ және біліктілікті беру жөніндегі республикалық ғылыми-әдістемелік дамыту орталығының Қызылорда облысы бойынша филиалы 2010 жылдан 2019 жылға дейін 9 мамандық 1500 түлектің даярлығын тәуелсіз бағалаудан өткізді. Теориялық білімдерін тестілік бақылау мен практикалық жұмыстарды орындаудың нәтижесінде 100 пайызы сәйкестік сертификатына ие болды.
Еліміз әлемдік дағдарысқа қарамастан, мемлекет басшысы «Нұрлы жол», «100 нақты қадам», «Үдемелі индустриалдық- инновациялық даму бағдарламасы» сияқты ауқымды бағдарламаларды жүзеге асырды. Осындай бір істің нақты айғағы ретінде «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» деген жаңа жобаның 2017 жылдан бастап жүзеге асырды. Соған сәйкес «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» жобасы іске асыру жөніндегі Арал ауданы әкімдігі жанынан құрылған кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау мақсатындағы аудандық кеңес шешімімен танысып, жобаны іске асыру мақсатында аудандық кеңес құрамының хаттамасына байланысты колледж ұжымы арасында талқыланған болатын. Осында көрсетілген жобаны іске асыру жөніндегі ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, 9-11 сынып бітірушілерін және мектеп түлектерін, жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, кәсіби біліктілігі жоқ жастарды, жоо және арнаулы орта оқу орындарынан шығып қалған жастардың есебін анықтау арқылы, оларды түрлі мамандықтарға қайта оқытып беру керектігіне ықылас қойылды.
Бұл бағдарлама 2017-2021 жылдар аралығында халықты нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Осы бағдарламаның негізінде еңбек етуге қабілетті азаматтарға қосымша кәсіби білім беріп жұмысқа тарту, жұмыссыз азаматтарға заман талабына сай техникалық және кәсіптік білім беру мақсатында колледжде аспаз, сатушы, есептеу техникасының операторы, электромонтер, тракторист-машинист, «В», «ВС» санатты көлік жүргізушілерін тағы басқа мамандықтарға 3-6 айға дейінгі, 10 айдан 2 ж 10 айға дейінгі оқу топтарына азаматтар оқытылды.
Еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында дуалды, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру бойынша Елбасының 2014 жылғы 17 қаңтарда «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына жолдауында айтылды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, дуалды оқытуды енгізу бойынша эксперименталды алаң құру үшін колледждердің тізімі жасалып, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарына дуалды оқыту жүйесінде енгізілді.
2014 жылдан бастап жұмысшы және орта буын мамандарын әлеуметтік қолдау мақсатында білім алушыларға шәкіртақы беріле бастады. Бұл білім алушылардың мамандық алуға құлшынысын одан әрі арттырды. Колледж қабырғасынан білім алатын студенттердің саны арта түсті.
Техникалық және кәсіптік салады оқу үрдісін өзектендіру барысында оқытудың бірнеше технологиялары енгізіліп, оларды өз деңгейінде меңгеріп, білім алушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие берілуде.
2017 жылы оқытудың модульдік– құзыреттілік технологиясы енгізілді. Білім алышы мамандықты игере отырып, бірнеше біліктілік алып шықты. Модульдік оқыту арқылы жұмыс беруші талабын қанағаттандыратын кәсіби техникалық кадрлар даярланады және оларды даярлау әлемдік деңгейге дейін көтерілмек. Бұл орайда әлеуметтік серіктестік маңызды рөл атқарды. Модульдік-құзыреттілік тәсілдің негізі қағидасы жұмыс саласындағы маңызды мақсаттарға бағдарлану. Кәсіптік білім беруде жұмысшы кадрларды даярлау процесі экономиканың қазіргі және болашақтағы сұраныстарына, еңбек нарығының өзгерісіне тез және уақытылы жауап беру.
2020 жылы елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты оқу процесі қашықтықтан білім беруге көшті. Бұл колледж оқытушылары мен студенттеріне оңай тиген жоқ. Дегенмен, уақытында оң шешімі табылып, колледж студенттеріне College Smart Nation электронды платформасы арқылы дәріс берілуде.
2021 жылы модульдік-кредиттік оқыту технологиясы енгізіліп, оқу жүктемесі білім алушыларға пәнді, модульді немесе бүкіл білім беру бағдарламасын оқып үйренуге қажет уақытша өлшенеді және жоғары оқу нәтижелеріне қол жеткізу тиімді болды. Жүктеме көлемі біріңғай бірліктермен-академиялық кредиттермен өлшенеді.
2022 жылы Жаңа білім беру: Академиялық дербестіктің мол мүмкіндігін тиімді пайдаландық. Білім берудің барлық деңгейінде мазмұны жаңарту, жұмыс берушілердің талаптарын, қазақстандық экономиканың сұранысын ескеретін кәсіби стандарттарға сәйкес әзірленген жаңа білім беру бағдарламаларын енгізілді.
2023 жылдан бастап жұмыс берушілердің сұранысына сай мақсатты мемлекеттік тапсырыспен 20 студент білім алуда. Яғни студент колледжді бітіргеннен кейін кәсіпорнынға жұмысқа орналасады.
2025 жылы Астана қаласында өткен "Жұмысшы мамандықтар жылының" ашылу салтанатында Қарағанды техникалық-құрылыс және Қарағанды жоғары политехникалық колледжімен ынтымақтастық келісім-шартқа отырдық. Сонымен қатар, «Автокөлікке қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша онкүндік, «Ашық есік күні», «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі», «Үздік шебер-2025» сайыстары ұйымдастырылды. Техникалық және кәсіптік білім саласының майталманы Сесенәлі Рахановтың 80жасқа толуына орай колледжішілік іс-шаралар ұйымдастырылды және облыстық кезеңінде педагогикалық оқуда Г.Жансүгірова жүлделі ІІІ орын иеленді.
Білім мен тәрбие егіз дегендей колледжде оқу үрдісі мен тәрбие жұмыстары қатар жүргізіліп отырады. Ұлттық, адами құндылықтарға негізделген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында колледж тәрбие жұмыстары толыққанды жүзеге асырылып, жоспар бойынша тәрбие жұмыстары атқарылуда.
Роза ЖАЙМАҚОВА,
директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары
08 сәуір 2025 ж. 51 0