Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫНА ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ БАСТАЛДЫ

КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫНА ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мақсатында көктемгі дәрілеу-залалсыздандыру шаралары бастау алды. Екі кезеңнен тұратын залалсыздандыру жұмыстары аудан бойынша жүргізіледі.

Аталған жұмыстарды «Сервис дезо» медициналық мекемесі іске асыруда. Осы ретте залалсыздандыру шаралары жүргізілмес бұрын әрбір тұрғын мал ұстайтын қораларына санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізу үшін алдын ала дайындап қою керектігі ескертіледі.
Механикалық тазарту жұмыстарының қорытындысы бойынша арнайы топ елді мекендерді аралап мониторинг жүргізетін болады.
"Толқын" ақпарат 

14 мамыр 2025 ж. 57 0