Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жедел ішек инфекцияларының алдын алыңыз

Жедел ішек инфекцияларының алдын алыңыз

Бүгінгі біздің сұхбатымыз Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының  басшысы  А.Сатекеевамен
жұқпалы жедел ішек  ауруларының алдын алу шараларытақырыбында болмақ.
Сұрақ:Жұқпалы жедел ішек аурулары туралы оқырманның біреуі білсе,біреуі білмеуі мүмкін. Аурудың жұғу, таралу жолдарытуралы түсіндіріп өтсеңіз?
Жауап: Жұқпалы жедел ішек аурулары - асқазан-ішек жолдарының қабынуымен сипатталатын, бактериялармен, вирустармен шақырылатын, іш өту, адам ағзасының уыттануымен және сусыздануымен сипатталатын әртүрлі жұқпалы аурулар тобы. Жұқпаның негізгі көзі–науқас адам, сондай-ақ ауру тасымалдаушылар. Таралу жолдары-су, тағам және тұрмыстық қарым-қатынас арқылы. Бала күтімінің нашарлығы және сәбилерді қосымша тамақтандыру кезінде ас дайындаудағы  тиісті ережелердің сақталмауы аурушаңдықтың  сәбилер арасында тіркелуінің негізгі себептері болуы мүмкін.
Сұрақ:Ауру  қоздырғыштары қоршаған сыртқы ортада қалай сақталады ?
Жауап : Ауру  қоздырғыштары қоршаған сыртқы ортада жақсы сақталады. Мысалы, ластанған ыдыста, топырақта- 3 айға дейін, тамақ өнімдерінде, оның ішінде сүт және ет өнімдерінде, салаттарда және т.б.)-бірнеше тәулік бойы, суда-5-6 күнге дейін сақталады.  Сүт және сүт өнімдері, салат пен басқа да азық-түліктерде ішек жұқпаларының қоздырғыштары тек жақсы сақталып қана қоймай, сонымен қатар тамақ өнімдерінің дәмдік қасиеттерін өзгертпей-ақ, көбеюі мүмкін. Жедел ішек аурулары жыл мезгілінің  барлық уақыттарында тіркеле береді, дегенмен жұқпаның жиі тіркелетін кезеңі  әр жылдың мамыр-қазан айларының аралығы. Бұл мезгілдерде ауа-райы жылып, күн ысып, ауру қоздырғыштарының сыртқы ортада  сақталып қана қоймай, тез бұзылатын тағам түрлері- ет, сүт, балық өнімдерінде, салаттарда, кремді, кондитерлік өнімдерде көбейе түсуіне қолайлы жағдай туады. Сонымен қатар жаз-күз мезгілдерінде  топырақпен, тыңайтқыштармен ластанған көкөніс, жеміс-жидектерді жумай жеу -аурудың көптеп тіркелуіне себепші болады.
Сұрақ:Жұқпалы жедел ішек ауруларының алдын алу шаралары,қандай сақтану жолдары бар,сол жөнінде айтсаңыз?
Жауап :-Сәбилерді 1 жасқа  дейін  ана сүтімен емізу;
Жеке бас тазалық шараларының қарапайым қағидаларын сақтау (ас ішер алдында , әжетханадан кейін  қолды сабындап жуу);
  Суды тек  қайнатылған түрде , сүтті пісірілген күйінде  ішу.Көкөністер мен жеміс-жидектерді  жидектерді мұқият жуу, қайнаған сумен шаю. Ас дайындауға , ыдыс жуу және ауыз су үшін ашық су  көздерін- айдындардың, арықтардың   суын пайдаланбау
Дайындалған тағамдардың бетін  ашық қалдырмау. Исі, дәмі бұзылған азық-түліктерді  пайдаланбау. Тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқышта сақтау
Жиналып қалған лас- қоқыстарды уақытылы тазалап отыру. Ауру тасымалдаушысы -шыбындарға қарсы есік-терезелерді торлау, оларды жою;Қосымша тамақ берілетін  нәрестелерге  ас дайындау кезінде олардың аналарымен  тиісті тазалық ережелерін қатаң сақтап ,бала емізіп отырған аналардың өз тамақтану дағдысына мұқият болу керек.
   Сұхбатыңызға рахмет !
Сұхбаттасқан: А. НҰРЛАНОВА

Фото: Н. Нұржаубай
15 мамыр 2025 ж. 86 0