Рәміздер күні қарсаңында марафон өтті
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мерекесіне байланысты салауатты өмір салтын ұстанған жастардың қатысуымен жүгіруден марафон өтті.Жүзге жуық жастар орталық Бақтыбай батыр көшесі бойымен 3 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті. Мереке қарсаңындағы спорттық жарыста ерлер арасында І орынды №262 орта мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Е.Ерниязов алса, қыздар арасында бірінші болып №260 орта мектептің техникалық қызметкері А.Әлімбетова келді.
Мерекелік марафонға қатысып жүлдегер атанған спортшыларға арнайы диплом мен естелік сыйлықтар табысталды.

"Толқын" ақпарат










