Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік рәміздер күніне орай дөңгелек үстел өткізілді

Мемлекеттік рәміздер күніне орай дөңгелек үстел өткізілді

4 маусым 2025 жылы Арал аудандық сотында мемлекеттік рәміздер күніне орай, дөңгелек үстел өткізілді. Шараға сот әкімшісінің басшысы мен сот қызметкерлері қатысты.
Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен ашылды.
Сот әкімшісінің басшысы З.Сермағамбетова сот ұжымын Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, Тәуелсіздіктің басты нышандары мен мемлекеттік идеологияның негізі-халқымыздың ғасырлар бойғы аңсаған еркіндігін білдіретін мемлекеттік рәміздер болып табылатынын айтты. Сондай-ақ, мемлекеттік рәміздердің - егемендік пен тәуелсіздіктің, халық пен мемлекеттік билік бірлігінің нышандары екенін, сот жүйесі үшін де бұл рәміздердің маңызы өте зорын, себебі, сот актілері Қазақстан Республикасының атынан сот төрелігінің міндетті атрибуттары саналатын еліміздің Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасы орнатылған сот отырысы залдарында жарияланатынын айтып өтті.
Бұдан кейін шара барысында мемлекеттік рәміздердің тарихы, мағынасы, олардың отансүйгіштікті, қоғамның азаматтық сана-сезімін қалыптастырудағы маңыздылығы жайлы айтылды.
Шараны қорытындылаған сот әкімшісінің басшысы шараның мақсаты - мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын түсіндіріп, оны насихаттау екенін айтты.

Фото: www.gov.kz
Арал аудандық соты.
10 маусым 2025 ж. 72 0