“TAUEKEL” ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ БУРАХАН ДАХАНОВ АРАЛ АУДАНЫНДА

Кездесудің негізгі мақсаты «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы» жобасы аясында аудан тұрғындарына оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Кездесу барысында спикерлер, Солтүстік өңірлердегі мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер мен жәрдамақылар туралы және аталған жоба төңірегінде біршама ақпараттармен бөлісті.
Сонымен қатар, ауданға жұмыс сапарымен келген делегация мүшелері Ә.Нұрпейісов атындағы әдебиет үйі мен Балықшылар аллеясында болды.