Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қосжарлықтар фракция мүшесіне ұсыныстарын жеткізді

Қосжарлықтар фракция мүшесіне ұсыныстарын жеткізді

Бүгін Аудандық мәслихаттағы "AMANAT" фракциясының мүшесі Жалғасбаев Дайрабай Баймұратұлы Қосжар халқымен кездесу өткізді.
Кездесуде фракция мүшесі жыл басынан бері атқарған жұмыстарын баяндап, алдағы уақытта атқарылатын жоспарлармен бөлісті. Кездесуде азаматтар тарапынан бірқатар сауалдар жолданды.
Соның ішінде денсаулық саласы, жастар мен балаларға арналған инфрақұрылымдық ойын алаңдары мен футбол алаңдарын салу сынды мәселелер көтерілді.
Жиын соңында фракция мүшесі Дайрабай Баймұратұлы ауыл тұрғындарының сауалдары ескерілетінін айтып. Аталған мәселелерге байланысты тиісті ұсыныстарды жолдайтынын жеткізді.
#AMANAT
24 маусым 2025 ж. 56 0