Заңсыз балық аулағандары үшін жазаланды

Арал ауданы прокуроры мен күдіктілер Е. және Е.-нің арасында кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасалып, осыған байланысты іс келісімдік іс жүргізу тәртібімен қаралды.
Сотта анықталғандай, сотталушылар «Кіші Арал» теңізінің №9 учаскесіне барып заңсыз балық аулағаны анықталған.
Сот үкімімен сотталушылар Е. және Е. ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі 4) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға балық аулау қызметімен айналысу құқығынан айырыла отырып, оларға 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ, сотталушылардың әрқайсынан жәбірленушілер өтемақы қорына 78 640 теңге мәжбүрлі төлем өндірілді.
Үкім заңды күшіне енбеген.
Арал аудандық соты