Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мал ұрлағаны үшін жазаға тартылды

Мал ұрлағаны үшін жазаға тартылды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 3-бөлігінің 2)-тармағымен, мал ұрлау, яғни бөтеннің малын мал қораға заңсыз кіру арқылы жасырын жымқыру дерегі бойынша айыпталған сотталушылар А. мен А-ның қылмыстық ісі қаралды.
Сотта анықталғандай, сотталушылар бөтеннің малын жасырын жымқырып пайда табу мақсатында, азамат М-ның ауласында орналасқан мал қораға заңсыз кіріп, 1 бас қой малын жасырын ұрлап, жәбірленушіге мүліктік шығын келтірген.
Сотталушылардың қылмыстық әрекеті, айыбын мойындаған жауаптарымен, жәбірленушінің жауабымен, беттестіру хаттамасымен, оқиға болған жерді қарау хаттамаларымен толық дәлелденген.
Сотталушылардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларға сот олардың кінәсін толығымен мойындап, жасаған әрекетіне шын ниетпен өкінуін, жәбірленушінің кешірімін, сондай-ақ келтірілген мүліктік шығынның қалпына келтірілгенін жатқызған.
Сот үкімімен сотталушылар Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 3-бөлігіның 2)-тармағымен кінәлі деп танылып, оларға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-нің 63-бабын қолданып тағайындалған жазаны шартты деп есептеп, бас бостандығынан айырудың барлық тағайындалған мерзіміне пробациялық бақылау белгiленді.
Сондай-ақ, жәбірленушілер өтемақы қорына әрқайсынан 78 640 теңге мәжбүрлі төлем өндірілді.
Үкім заңды күшіне енбеген.

Арал аудандық соты.
11 маусым 2025 ж. 44 0