Кісінің көлігін айдап кеткен

Сотталушының кінәсі өзінің, жәбірленушінің жауаптарымен, заттай дәлелдемелерді қарап тексеру және алу хаттамаларымен, сондай-ақ іс бойынша басқа да дәлелдемелер жиынтығымен дәлелденген.
Қылмыстық заңнамаға сәйкес, бұл қылмыстық әрекет онша ауыр емес қылмыстар санатына жатады.
Сот үкімімен Т. ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, ҚК-нің 60-бабының 1-бөлігі қолданылып, бұған дейін Алматы қаласының №2 Медеу аудандық сотының 27.06.2023 жылғы үкімімен тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігі ішінара қосылып, түпкілікті 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленген.
Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларға сот оның кінәсін толығымен мойындап, жасаған әрекетіне шын ниетпен өкінуін, жәбірленушінің кешірімін, сондай-ақ келтірілген мүліктік шығынның қалпына келтірілгенін жатқызған.
Үкім заңды күшіне енбеген.
Арал аудандық соты