Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Билік өкіліне қарсы күш қолданғаны үшін жауапкершілік

Билік өкіліне қарсы күш қолданғаны үшін жауапкершілік

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 380-бабының 3-бөлігімен сотталушы У.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, сотталушы У. хабарлама бойынша келген полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай, қарсылық көрсетіп, билік өкілінің денсаулығына қауіпті емес күш қолданған. Қылмыстық заңнамаға сәйкес, бұл қылмыстық әрекет ауырлығы орташа қылмыстар санатына жатады.
Сотталушының қылмыстық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен, сараптама қорытындыларымен және іс бойынша басқа да дәлелдемелер жиынтығымен дәлелденген.
Сот үкімімен У. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 380-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленген.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
17 қазан 2023 ж. 385 0