Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Газеттің тірегі – қоғамдық тілшілері

Газеттің тірегі – қоғамдық тілшілері

Аудан шежіресі, аудан айнасы іспетті «Толқын» газетінің 50 жылдығынан бастап мерейтойларына қатысып, қоян-қолтық жұмысына белсенді араласқан едім. Бұл газет турасында айтылмаған сөз, жазылмаған суреттеме кем де кем екен. Осыдан бес жыл бұрын неде болса да турасында он ойланып, жүз толғанып, тоқсан деп аталатын тоғыз белестің қадау-қадау тоғыз өрімнен сөз бастадым. Тоғыз белес – тоғыз өрім.
1.Қасиетті Қағба; 2.Басыңдағы бақытыңды бағала; 3.Бала – бақыт; 4.«Толқыннан» түлеген белді қалмгерлер; 5.Тұңғыш редактор; 6.Жергілікті қоғамдық тілшілер; 7.«Сыр Медиа» ЖШС – 15 жыл; 8.Журналист қандай болу керек? 9.Уәде.
Тоқсан жылдыққа тоқсан беттік материал жазып, ол осы басылымда жарық көрген болатын.
Биыл ауданның бас басылымына – 95 жыл. Осындай биік дәрежеге көтерілуіне газетіміздің тірегі – қоғамдық тілшілердің де зор үлесі бар. Әрине, олар жайлы да жазып, еңбегін елеп отыру біздің басты мақсатымыз. Айта кетуіміз керек, газет редакторларының да бұл бағытта сүбелі үлесі бар. Өйткені әр саланың білікті мамандарын автор ретінде тартып, газеттің мазмұнды әрі сапалы шағуына еңбек еткенін айту парызымыз.
Тарихқа көз жүгіртсек, газетіміздің 10 жылдығы тұсында жер-жерден белсенді тілшілер шықты, олардың қатарында Мәнеп Әбішов, Мүбәрәк Рысқұлов, Дабыл Сахиев, Байжан Бижанов, Закария Жұмаев, Құттыбай Келімбетов, Дүйсен Жолымбетов, Сарсен Тоқбергенов, Жарылқасын Әлжанов, Құлмағанбет Қартақовтар жұлдыздай жарқырап көрінді. Бұл шоғыр шоқ жұлдыздардың ізінен Сүйінтай Нұрманов, Манас Шүкіров, Жанғана Ермекқараев, Нәжман Мәмбетәлив, Балсейіт Құрмансейітов, Рүстем Айтжанов, Рсалы Тұрымбетов, Бертай Сейітмұратов сынды зерделі оқырмандар жүрегінен орын алған авторларды бес томдық «Сыр журналистикасының тарихынан» оқып таныстық. Бес томдық еңбекке жазылып, тарих қойнауына енуі ғанибет қой. Иә, әр еңбектің өзіндік бейнеті де, зейнеті де бар. Қоғамдық тілшілердің жазғандарының оқырмандар көңілінен шыққаны емес пе? Олар газеттің 20 жылдығы тұсында да жарқырап көрінді, жұмысшылар мен ауыл еңбекккерлерінің ортасынан шықты.
Шаруашылықтардан хат жолдаған Совет Пірназаров, Совет Қарақұлов, Нәжмәдин Мамабетәлиев,Әбілғазы Жолымбетов, Сейталы Смағұлов, Мақсұт Абатов, Кемежан Есжанов, Аралбай Нарымбетов, Қыдырбай Нұрпейісов шұрайлы қылып ауыл жаңалықтарын жазумен есімізде қалды. Сондай-ақ, сын-мақала жазуда Қобыланды Көрегенов, Смағұл Кішкенебаев, Аманғали Дайрабаев, Әбдібай Жүсіпов, Нұрмаш Алмағамбетов, Мырзағали Оразаливтер бар.
Бұл басылымның -30, -40, -50 жылдық кезеңдерінде, яғни қай кезеңде де газеттің тірегі тілшілер екені даусыз.
Елді мекендердегі көкейтесті мәселелерді көтеріп, кемшіліктерді көрсетіп, оның жөнделуіне атсалысқан қоғамдық тілшілердің орны бөлек. Олар ел ішіндегі жаңалықты, өзекті пікірімен көмкеріп, табиғи талантын көрсетіп, оқырмандардың жүрегіне жол тартты. «Толқынның» белсенді тілшілері қатарында А.Халықұлов, С.Қарақұлов, Қ.Қоңдыбаев, Т.Әбдиев, Қ.Дінахметов, Ш.Әмишаев, Н.Бекішов, С.Тілеужанов, М.Әлиев, И.Әйтімов, Ә.Баймағанбетов, Х.Суханбердин, Ж.Мусаев, А.Оңдабаева, А.Суханберлиев, І.Жалғасов, С.Ботабаев, Ө.Серәлі, С.Шалбаев, Ж.Төребеков, Ү.Қуатов, Б.Қуатовтар бүгінгі күнге дейін басылымнан қол үзген емес.
Тілшілер Дөнес Алдамжаров пен Қойбағар Аяқбаев «Аралтұз»  комбинатында еңбек ете жүріп, ұжымын, ондағы еңбек озаттарының игі істерін, жетістіктерін сүйікті газеті «Толқынға» жолдап отырады. Сексеннің сеңгіріне шыққан Қойбағар ағамыз Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі атанғандағы ағаның қуанғанын көрсеңіз ғой, шіркін! Қаламы қолынан әлі түскен жоқ, ақындық өнері және бар. Еткен еңбегін аудан әкімдігі ескеріп, «Арал ауданының құрметті азаматы» деп биікке көтерді. Еңбектің еленгені қандай жақсы. «Жасай бер аға» дейміз біз.
«Толқынның» тынысын ашып, жаңа леп әкелген кент, ауыл қолғанаттары қатарында Шижаға елді мекенінен ұлағатты ұстаздар Гүлжамал Махамбетжанова, Аралдан Аманжол Жолмағанбетов, Жақсықылыштан Ләззат Тұрмағанбетова, Қызылжардан Бағила Әуесханова 40 жасында қамал алып, ізденімпаздығының нәтижесінде Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі атанды, №81 орта мектеп директорлығына көтерілді. Біз «Толқындықтар» болып бір ауыздан Бағила ханымның жазары көп болғай дейміз.Оның қаламынан құнды дүниелер шығарына сенеміз.
Сондай-ақ ауыл-аймақтағы мәдени, саяси, тұрмыс салаларындағы жаңалықтар, жаңа дәстүр мен салт-сананы қамтып жазатындар қатарында Ұмытхан Бахова, Бақытгүл Оспанова, Несібелі Шырабаева, Айдын Құлжановалар бар.
Партия, соғыс және еңбек ардагері Алданыш Халықұлов әр тақырыпқа қалам тартатын белгілі тілші болса, ұрпақтар сабақтастығын жалғап, медицина саласының білгірі, баласы Нағашыбай Халықұлов майталман тілші.
Ал Төлеген Жүгінісов пен Иманбай Әйтімовтің тың жазуға деген құштарлықтары адам таңқаларлықтай. Мергенсайлық тума талантты қарт қаламгер Әбдірейім Есендіков елімізге белгілі дарындыларды Еркін Әбілов пен Жаңабай Кемалды тәрбиелеп шығарған саңлақ тілші. Иә, олардың газетке деген шынайы қамқорлығын айтпай кетуге болмас.
«Толқынның» әр санында жаңалық жаршысына айналған Әбдірейім Есендіков, Қарасай Дінахметов сынды әдебиетші ұстаздардың ізін ала қаламын ұштаған Әмір Баймағанбетов, Бимұрат Үсенов, Сәдуақас Баймағанбетов, Байғабыл Құлекешов, Жақсылық Махамбетов, Нұрбай Жүсіпов газет бетінде тынбай жазып тұрды. Бүгінгі тілмен айтқанда, бір ауылдың баспасөз хатшысы іспеттес Дөнес Алдамжаров, Айдос Құлманов, Қуаныш Қондыбаев, Төлеген Жүгінісов, Жақсыбай Мұсаев, Жеткерген Жасановтардың хабар ошарлары газеттің өмірмен етенелігін мәшһүр етті.
«Толқынмен» бірге жасап, тіпті меншікті тілшілерінен артық болмаса кем жазбаған, қалам тербеген мақтаныштар қатарында Сайлау Ботабаев, Н.Қанатбаев, Т.Үмбетәлиев, Д.Байқадамова, Келмырза Баймырзаев, С.Есетов, Ө.Сералы, Н.Жұбанышов, Мұрат Сыдықов, Д.Омаров, Б.Мергенбаев, А.Сейітқұлова, Жоламан Жолдасов, Ерғали Абдулла мен Шолпан Балманованың бармақтарынан бал тамады.
Газеттің жанашыр қолғанаттары Ә.Имағанбетов, Б.Құдайбергенова, Әлия Досан, Рима Зекенова, Ж.Матығұлова, Д.Аманжолов сынды жаңа таланттармен толықты.
Бір тапсырмамен хабарласа қалсаң сөзіңді жерге тастамай түнімен жазып, сиясы кеппеген мақаланы редакция қосынына әкеліп тұратын аудандық маслихаттың хатшысы болған ұлтжанды азамат Әнес Әуезов терең ойын, салмақты әрі құнды пікірін зерделі оқырмандарға жеткізе білетін.
Белсенді тілші ишандар жөнінде зерттеп, бірнеше кітап шығарған Тәңірберген Дәрменовтың талантына тәнті болған қлассик жазушы бір кездері Әбдіжәміл Нұрпейісов үстіндегі шапанын жауыпта кеткен еді.
«Толқынмен» бірге жасап 95 жасқа келсе де даңғайыр журналист Шәкірат Дәрмағанбетовтың келіні Динара Сәпиқызы да белсенді тілшілеріміздің бірегейі. Иә, өңір қаламгерлерінің атасы іспетті бетке ұстар тұлғамыздың қаламы қолынан түскен жоқ. Нағыз ерен еңбектің батыры дерсің.
Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп апамызға ұқсап Шәкеңнің де келіні Динара атасының ақыл-кеңесін, ұрпаққа айтар ұлағатты істерін отбасындағы тәлім-тәрбиесі жайлы жазып алса екен деп тілек айтамын. «Алтын сандық» алтын көмбе іспетті, қайталанбас тұлға Шәкеңмен мақтанамыз, Шәкеңдей болсақ екен деп армандаймыз.
Аймақ басшысының пәрменімен ауданға, қызметке шақырылдым. Міне, содан бері осы жылдардың авторы менде 40 жыл аталмыш басылымның белсенді қоғамдық тілшісі де болдым. Қоғамдық тілшіден кейін 1999 жылы меншікті тілшісі болып, ширек ғасырдан бері газет қызметіне тартылып, шығармашылықпен айналысып жүрмін.
Өткен күн тарих. 1980 жылы институтты бітірген соң Сексеуіл кентіндегі темір жол кітапханасының меңгерушісі болып еңбек жолымды бастадым. Сол кітапхана терезесінен көкжиеккке қарап, мағанда бір жауапты жұмыс болса ғой деп армандаушы едім. Сол арманым алға жетеледі. Иә, тарихқа көз жүгіртсек, сонау 1985 жылы облыс әкімі болған Еркін Нұржанұлы Әуелбеков қазақ халқының қайраткер перзентінің ұлылығының шерепетін көрдім. «Жауапты жұмысқа жұмысшылырадың да балалары қабылдансын» деген тұлғаның бірауыз сөзінің нәтижесінде Арал аудандық комсомол комитетінің үшінші хатшысы қызметіне сайландым. Міне, содан бері жауапты жұмыста, халықтың алдында келемін.
Иә, 95 жылдық торқалы тойында өзіндік қолтаңбасын қалдырған қоғамдық авторлардың да марапат төрінен көрінгенін қалаймын. Еңбектері еленіп, сала мақтаныштарына сый-сияпат жасауды ұмытпаған жөн.
Құндыз ДӘУІТОВА
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
28 маусым 2025 ж. 69 0