Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерват аумағында орнатылған фототұзаққа ҚР Қызыл кітабына енгізілген құландар түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
"Құлан – жойылып кету қауіпі бар жануар! Қазақстанда құлан Қызыл кітапқа (ІІ санат) енгізілген, Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізімінде және CITES конвенциясының ІІ қосымшасында тіркелген", - делінген хабарламада.
Шөл және шөлейтті аймақтарда өмір сүреді, төзімділігі және жүйріктігімен ерекшеленеді. Су көздеріне тәуелді болғандықтан, көбіне өзен-көлдер мен құдықтардың маңына жиналады.