БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ СИМВОЛЫ

аталып өтеді. Тіл – халықтың өткені мен бүгіні,
болашағының алтын көпірі. Ана тілі – әр ұлттың айна-
сы, тарихы мен мәдениетінің қайнар көзі.
Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Ол еліміздің бірлігін,
тәуелсіздігін айшықтайтын басты құндылық. Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев та әрдайым мемлекеттік тілді дамытуға
ерекше назар аударып келеді. «Қазақ тілі – біздің рухани
негізіміз» деген сөздің астарында үлкен мән жатыр.
Бүгінде қазақ тілін дамытуға, оны ғылым, бизнес,
халықаралық деңгейде қолдану аясын кеңейтуге жағдай жа-
салуда. Мектептерде, жоғары оқу орындарында, мемлекеттік
мекемелерде қазақ тілінде іс жүргізу мәдениеті қалыптасып
келеді.
Тіл мерекесі – тек мемлекеттік тілді ғана емес, Қазақстанда
тұратын әрбір ұлт пен ұлыстың ана тілін құрметтеу күні.
Өйткені тілдің байлығы – халықтың рухани байлығы. Әр
тіл – өзінше қазына, ал қазақ тілі – баршамыздың ортақ
мақтанышымыз. Осы орайда, аудан бойынша тіл саласы
жөнінде біршама жұмыстар атқарылып, оң нәтиже көрсетуде.
Бұл туралы:
– Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының
сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, тiлдердi
дамыту саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi қызметтiң ақпараттық, әдiстемелiк қамтамасыз
етiлуiн ұйымдастыру үшін аудан әкімінің «Жұмыс тобын құру
туралы» 2024 жылғы 2 қазандағы №48 Ө/НҚ өкіміне сәйкес,
аудандық жұмыс тобы құрылды. Жоспардың 9 тармағына
сәйкес, ағымдағы жылдың 5 ақпанында, 25 сәуірінде және 8
тамызында бөлімнің ұйымдастыруымен қала аумағындағы
маңдайша және сыртқы көрнекі жарнама мәтіндері «Қазақстан
Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының
Заңының 21-бабында көрсетілген талаптарына сай келмейтін
Арал қаласындағы Бақтыбай батыр, Астана, Әбілхайыр хан,
А.Каюпов көшелеріндегінысандарға зерделеу жұмыстары
жүргізілді. Нәтижесінде деректемелер мен көрнекі ақпараттары
(маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар) заң талаптары-
на қайшы келетін 15 кәсіпкерлік мақсаттағы нысан иелеріне
түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, маңдайша жазулары
мен басқа да көрнекі ақпараттардың мәтіндерін жазу және
орналастырудың схема-үлгісі және әдістемелік көмек ретінде
жадынамалар таратылды. Сонымен бірге 10 сәуірде бөлімнің
ұйымдастыруымен Сексеуіл кенттік кітапханасында мектеп-
тер аралық «Тілім менің-ғасырлардан аманат» тақырыбында
дебат өткізілсе Шижаға ауылдық кітапханасында «Ана-тілім
бар байлығым асылым» атты әдеби кеш өткізілді. Аудандық
кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында аудандық мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық кәсіпкерлік және
өнеркәсіп бөлімі және кәсіпкерлер палатасы бірлесіп, «Тіл
тазалығы – баршаға ортақ іс» тақырыбында семинар өткізді.
Осы жылы Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай өткізілген
облыстық «Полиглот» байқауына аудан атынан қатысқан
Елеусизова Фариза Бектасқызы жүлделі 1-орын алса, «Абай
– дана, Абай – дара, қазақта» облыстық байқауына қатысқан
«Теңіз маржандары» тобы арнайы алғыс хатпен марапаттал-
ды. Алдағы уақытта 5қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні
мерекесіне орай бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес
жұмыстар жасалатын болады, – деді аудандық мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Махатов.
Елімізде ондаған ұлт пен ұлыс өмір сүріп жатыр. Олардың
ана тілдері де заң жүзінде қорғалады. Бұл – Қазақстанның тіл
саясатының ең басты ерекшелігі. Яғни қазақ тілі – мемлекеттік
тіл, ал өзге тілдер – еліміздің байлығы. Осындай құрмет пен
қамқорлықтың арқасында елімізде бірлік пен келісім орнап отыр.
– Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының Арал
ауданы бойынша 2025 жылы мемлекеттік тіл оқығандар саны 30,
орыс тілі 41, ағылшын тілі 91 тыңдаушы, – деді мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бауыржан Махатов.
Тілдер мерекесі – бізге тілге деген сүйіспеншілікті артты-
руды, ана тілін құрметтеуді, өзге ұлттың тіліне сыйластықпен
қарауды үйретеді. Бұл мереке – еліміздің татулығы мен
достығының айғағы.
Тіл – достықтың көпірі. Тілін қадірлеген халық ешқашан
жойылмайды. Сондықтан да біз тілдерді құрметтеу арқылы
еліміздің жарқын болашағына жол саламыз.
А.НҰРЛАНОВА