ТІГІН ӨНЕРІ – ТҰРМЫС ТІРЕГІ

Бүгінде тігін өндірісі тек қолөнер шеберханаларымен шектелмейді. Жаңа технологиялар мен заманауи жабдықтар арқылы сән индустриясы, ұлттық киім өндірісі, тұрмыстық және өндірістік киімдер тігу кең өріс алуда. Қазақстанда да бұл салаға ерекше мән беріліп, тігін фабрикалары мен жеке дизайнерлік студиялар ашылуда. Жұмысшы мамандығын игергендерге еңбек нарығында әрдайым сұраныс бар.
Тігіншінің қолынан шыққан әрбір бұйым қоғамға қызмет етеді. Жұмысшы мамандығы арқылы халық күнделікті киім-кешекпен қамтамасыз етіледі, ұлттық киімдеріміз қайта жаңғырып, сән сахнасына жол тартады. Сондықтан тігін саласында еңбек ету – тек кәсіби міндет емес, сонымен бірге ұлттық мәдениетті сақтап, келер ұрпаққа жеткізудің амалы.
Тігін саласы – еңбектің де, өнердің де өрісі. Жұмысшы тігінші мамандығын меңгерген жан қоғамға пайдалы, сұранысқа ие, тұрақты кәсіп иесі атанады. Бұл салаға бет бұрған жастардың болашағы әрқашан жарқын болмақ.
Гүлназ ҚУАНЫШҚЫЗЫ,
Арал индустриалды- техникалық колледжінің
өндірістік оқыту шебері