Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылыту маусымына дайын бол

Жылыту маусымына дайын бол

Күз айларының басталып ауа-райының салқындауына да аз ғана уақыттар қалғаны барлығыңызға түсінікті жайт. Осыған орай жылыту маусымына дайындық шараларын күшейтіп пештер мен электр құралдарының дұрыс жұмыс жасауына толық көз жеткізген абызал.
Қатты суықта, желді ауа-райында тұрғындар қосымша жылыту құралдарын қолданады: плиткалар, электр жылытқыштар және т.б., кейде қолдан жасалған электр құралдарыда кездесіп жатады. Мұның бәрі бақылаусыз өрттің пайда болуына әкелуі мүмкін. Осындай оқиғаларды алдын алу үшін қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет.
Пешпен қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:
– жылыту маусымының басында жылыту құралдарын тексеру және жөндеу қажет;
– жылыту маусымы басталар алдында жеке үй иеліктерінде түтін мен құбырларды күйеден тазарту қажет;
– пешті қыздыруға және қатты отынмен пешті жағу үшін бензин, керосин, басқа да тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдануға болмайды;
– балаларға пешті жағуды тапсыруға болмайды;
– пештерде және олардың жанында киімді, отынды және басқа да материалдарды кептіру;
– жылыту пештерінің жанында отынды, тез тұтанатын сұйықтықтарды, жанғыш материалдарды сақтауға және жанып жатқанпештерді қараусыз қалдыруға болмайды.
Арал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі
27 қыркүйек 2025 ж. 123 0