Жетес би ауылдық округіне жаңа әкім сайланды
 Бүгін аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаев жұмыс сапарымен Жетес би ауылдық округі, Райым ауылына барып, ауылдық округке жаңадан сайланған ауыл әкімін тұрғындармен таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаев жұмыс сапарымен Жетес би ауылдық округі, Райым ауылына барып, ауылдық округке жаңадан сайланған ауыл әкімін тұрғындармен таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.Айта кетейік ағымдағы жылдың 19 қазаны күні Жетес би ауылдық округі әкімінің сайлауы өтіп, тұрғындар өз таңдауларын жасаған болатын.
Ауылдық округі әкіміне 3 үміткер ниет білдіріп, қорытындысымен «Amanat» партиясынан ұсынылған Жалғасбаев Дайрабай Баймұратұлы халықтың басым дауысын жинап, Жетес ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланды.
 Есімі жергілікті жұртқа етене таныс Дайрабай Баймұратұлы Арал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолында Аманөткел елді мекеніндегі жылжымалы механикаландырылған колоннада жүргізуші, «Арал» мұнай базасына қарасты Аманөткел елді мекеніндегі филиалында оператор, «Баймұрат» шаруа қожалығының төрағасы және жеке кәсіпкерлікпен айналысып келген іскер азамат. Арал аудандық мәслихатының бірнеше шақырылымдарының депутаты екенін де жергілікті тұрғындар жақсы біледі.
Есімі жергілікті жұртқа етене таныс Дайрабай Баймұратұлы Арал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолында Аманөткел елді мекеніндегі жылжымалы механикаландырылған колоннада жүргізуші, «Арал» мұнай базасына қарасты Аманөткел елді мекеніндегі филиалында оператор, «Баймұрат» шаруа қожалығының төрағасы және жеке кәсіпкерлікпен айналысып келген іскер азамат. Арал аудандық мәслихатының бірнеше шақырылымдарының депутаты екенін де жергілікті тұрғындар жақсы біледі.Кездесуде аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Зағатов сайлау қорытындысын тұрғындар алдында ресми жариялап, ауыл әкімі болып сайланған Д.Жалғасбаевқа қызметтік куәлігін табыс етті.

Аудан әкімінің орынбасары бұған дейін ауылдық округ әкімі қызметін атқарып келген Райымбай Жолдасұлына ерекше ризашылығын жеткізіп, аудан әкімінің арнайы Алғыс хатын табыс етті. 
Тұрғындар сайлаудың әділ әрі ашық өткенін жеткізіп, елге қолынан іс келетін жанашыр азаматтың келгені дұрыс екенін жеткізді. Ауыл әкімінің алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
		





 
		 
		



