Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа телефон аларда нені ескеру қажет: ЖИ министрлігі маңызды құлаққағыс жасады

Жаңа телефон аларда нені ескеру қажет: ЖИ министрлігі маңызды құлаққағыс жасады

Kyzylorda-news.kz Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі қазақстандықтарға маңызды құлаққағыс жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Смартфон сатып алмас бұрын IMEI кодын тексеріңіз! Телефоныңыздың IMEI кодын алдын ала тексеру – өзіңізді қорғаудың ең оңай әрі сенімді жолы. Бұл сіздің құрылғыңыздың заңды түрде тіркелгенін және ешқандай шектеусіз жұмыс істейтініне көз жеткізуге көмектеседі", - делінген хабарламада.

IMEI кодты *#06# теру арқылы немесе құрылғы қорабынан және корпустан табуға болады.

"Кодты imei.kz сайтында тексеріңіз. Бар болғаны бірнеше минут уақытыңызды арнап, тіркелмеген немесе ұрланған құрылғыны сатып алудан, байланыс желісіне қосылу қиындықтарынан, қажетсіз шығындар секілді қиындықтардың алдын аласыз", - дейді министрлік өкілдері.

Фото: freepik.com
03 қараша 2025 ж. 99 0