Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҮМІТТІҢ "ҮМІТТЕРІ" ТҮРКИЯДА

ҮМІТТІҢ "ҮМІТТЕРІ" ТҮРКИЯДА

Ата-ана үшін баласының тұлға болып қалыптасуы маңызды. Тардай кезінен таудай азаматқа айналуы үшін баласын балапандай баптайтын ата-аналар білімге құйылған инвестиция – өміршең екендігін біледі. Қазір білімдінің дәуірі. Соған қарай жастардың сапалы білім алуына жан-жақты жағдай жасалуда. Қосымша білім беретін түрлі орталық бар. Әрине ақылы, бірақ беретін білімі татырлық. Арал қаласындағы сондай оқу орталықтарының бірі Үміт Қазыбаева негізін қалаған «Умка» оқу орталығы. Мұнда шәкірттерге шет тілінен қосымша білім беріледі. Сапалы білімімен қоса шәкірттерін әлем аралатып, ата-аналардың алғысын алған Үміт Қазыбаева биыл да үздік оқушыларына Түркияға саяхат жасатып келді. 5 жылдан бері 2 қызын «Умка» оқу орталығын беріп, ағылшынша сайратқан ата-ананың бірі Элмира Келімбетова. Оның айтуынша аз уақыттың ішінде балалары шет тілін жетік меңгерумен қатар Малазия, Дубай, Түркия елдерінде саяхат жасап келген. Бұл саяхат теориялық білімді практикада жүзеге асыруға, қарым-қатынас арқылы білімін жетілдіруге септігін тигізгенін айтады. 
– Тұңғышым Нұрсезім Ахмет ес біле бастағанан өзінің ағылшын тіліне биімдігін байқатты. Болашақта шетелде білім алу арманы екенін де айтып қалды. Ағылшын тілінен тереңдетіп оқытатын түрлі орталықтарған беріп көрдім. Бірде Нұрсезім қатарластарынан «Умка» оқу орталығы туралы естігеніні айтып, сонда ағылшыншасын жетілдіруге ниет білдірді. Біз қолдай кеттік. Бір қуантарлығы оқу орталық өзінің үздік нәтижеге қол жеткізген шәкірттерін шетелеге апарып, ондағы әйгілі университетің профессорларына дәріс алып, саяхаттауға мүмкіндік жасап қойған. Мұндай батыл қадамдар жасайтын Аралдағы жалғыз қосымша білім беру орталағы осы деп сеніммен айта аламын. Сөзімнің дәлелі Үміт Қазыбайқызы өзінің бір топ шәкіртін жуырда Түркияның Стамбул қаласына апарып келді. Сол топтың арасында менің қызым Нұрсезімде бар. Әлем көрген баланың ой өрісі, ойлау қабілеті тіптен бөлек болады екен. Шетелде оқығысы келетінін айтты. Бірақ ол жақтан терең білім мен тәжірибе алып, елдің дамуына еңбек етсем дейді. Ішіміз жылып қуанып қалдық, – деген ата-ана өзінің қуанышымен бөлісті.
Бұл қызық қуған саяхат емес. Білімді шыңдай түсу, шәкірттердің зейінін ашу, мотивация беру мақсатында ұйымдастырылған саяхат. Олар өздерінің теориялық білімдерін іс жүзінде жүзеге асырып, ағылшындармен сұқбаттасқан. Білікті университеттің профессорларының лекцияларын тыңдап Қазақстанды, оның ішінде Аралды әлем халықтарына таныстырған көрінеді. 
Әрине балалармен шетелде жүру оңай емес. Бірақ сондай қиындықтарға қарамастан Үміт Қазыбайқызы шәкірттері үшін жаны қалмай бәйек болып жүр. Олардың әрқайыссына өзінің баласындай мейіріммен қарауының өзі педагогтық білігінің биіктігін дәлелдей түскендей.
Болашақ – жастардың қолында. Сондықтан ата-ана баласының болашағы үшін қазірден бастап әрекет қылуы керек. Балаға жан-жақтан қолдау болғанда ғана нәтиже болады. Тағы бір ескеру керек нәрсе – ата-ана балаға өз қалауын орындатуға емес, баланың қалауын орындауға тырысқаны жөн.
Негізі Аралда қаланған «Умка» оқу орталығының Астана, Алматы қалаларында филиалы бар. Шет тілін меңгеруге құштар шәкірттерін білім нәрімен сусындатумен қатар әлем аралатын көкірек көзін ашып жүрген Үміттің бастамасы бас бармақпен бағаларлық.

Н.БАҚЫРАН
23 қараша 2025 ж. 63 0