АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІН ТЫҢДАДЫ
Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев кезекті жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады.Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі тұрақты жұмысқа орналасу туралы қозғаса, кейбірі тұрғын үй және жер мәселелері бойынша жүгінді.
Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы келушілердің мәселелеріне жеке тоқталып, тұрақты жұмыс сұрап келген азаматтарға кәсіпкерлік нысандар мен мекемелерден түскен сұраныс бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды.
Ал тұрғын үй қажеттілігі және жер алу мәселесімен келген адамдарға баспанамен қамту бойынша жауапты мамандар тарапынан түсініктеме беріліп, заңдылыққа сәйкес нұсқаулықтар айтылды.
Еске салайық, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына «е-otinish» бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі










