“Есірткіге жол жоқ!", Есірткінің түрлері ” тақырыптары бойынша кездесу өтті
2025 жылғы 22-желтоқсан жоспарға сәйкес Арал станциясындағы ЖПб-нің бастығы және жеке құрам қызметкерлері Арал теңізі ст.вокзалыына келуші жолаушы азаматтармен кездесіп “Есірткіге жол жоқ!”, “Есірткінің түрлері ”, тақырыптары бойынша кездесу өткізді, салауатты өмір салтын ұстанып, есірткіге адамның тәуелділігі мен тәуелділікті тудыратын басқа заттардың орны толмас зияны туралы түсіндірме әңгіме жүргізілді. Арал станциясындағы ЖПб қызметкерлері оларға немесе жанындағы жақын адамдарына есірткіні қолдануға кеңес берілген жағдайларда қалай әрекет ету керектігіне басым көңіл бөлінді. Кейбіреулер есірткіні бір рет қолданғаннан ештеңе болмайды деп жалған ақпарат береді, адамның оған қалай тәуелді болып кететіні жайында мысалдар келтірілді. Қызметтік іздестіру итінің көмегімен әр түрлі жағдайларда есірткі затын анықтап табу туралы айтылып, көрсетілді. Жас өспірім арасында есірткіні қолдану және тарату мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді Арал станциясындағы қызметкерлері нашақорлықпен өмірлері мен жақындарынан айырылған атақты адамдардың өмірінен мысалдар келтірді.
Арал ст.ЖПб қызметкерлері профилактикалық жұмыстары үнемі жүргізілуде.
Арал теңізі ст.ЖПб бастығы
полиция капитаны С.Есмурзаев










