Жаңғырудың жаңа кезеңі
Мемлекет басшысы өткен жылды саралап, алдағы жолымызды бағдаршам етіп сүбелі сұхбат берді. Республикалық «Түркістан» газетінде айтылған ойлар көптің көңілін қанаттандырып, барша бұқараның келешекке деген көзқарасын айшықтап берді.Сұхбат барысында сан алуан тақырып қамтылды. Әсіресе Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің жайын жан-жақты қаузаған бастамалары болашаққа серпін сыйлады. Баспасөз саласы да тақырыптан қалыс қалған жоқ. Бұл Аралдағы үркердей ғана шығармашылық қоғамы үшін үлкен қолдау екені айтпаса да түсінікті. Президент кәсіби әрі өз ісіне адал журналистер әзірлеген материалдар дәстүрлі құндылықтарымызды сақтауға мол мүмкіндік жасап келе жатқанын атап өтті. Бұдан бөлек әлеуметтік желінде тілге тиек етіп, экономиканың өсіп-өркендеп республика бойынша жүйелі жұмыс жасалып жатқанын алға тартты.
Сан тақырыптың аясында саясат та қалыс қалмады. Одан бөлек салық кодексіндегі өзгерістер мен алдағы реформалар төңірегінде сөз қозғалды. Сұхбат аясында жемқорлыққа қарсы қоғам қалыптастыру, әскердегі әлімжеттікті болдырмау, елдік құндылықтарды кеңінен насихаттау жайында байыпты әңгіме өрбіп, Президент тарапынан ел күткен тұшымды ойлар ортаға салынды.
А. ЖАЙШЫЛЫҚ










