Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралым

Аралым

Арал жақта жел де мұңды еседі,
Толқын емес, сағыныш кеп көшеді.
Кеше ғана шалқыған көк айдынның,
Орынында үнсіз құмдар төселді.
Күнге күйіп, еңбекпенен күн кешкен,
Тағдырлары туған жермен үндескен.
Қиындыққа мойымайтын жандар ғой,
Жүрегімен үміт отын тербеткен.
Балықшының шаршаған қос алаңы,
Тіршіліктің тартса-дағы азабын.
Туған жерін тастамайды ешқашан,
Аралымда мекен ерткен қазағым.
Жел тербейді жапырағын жыңғылдың,
Көздерінде мұң жатады мың жылдың.
Бірақ сонда сынбай тұрған жандар бар,
Рухындай биік болып қырдың-құм.
Бір күн туар, қайта теңіз толады,
Жағасында аппақ қамыс толады.
Көк айдынның құшағына батқан ел,
Қуаныштан шаттық әнін салады.
Бір күн келер, көк теңіз де тулары,
Ақ шағала әнге қайта тұнады.
Сонда Арал адамдары шат күліп,
Жағалауда жаңа өмір құрады.
Сонда қайта тіріледі бар аймақ,
Кемелер де жүзер еді жай қайнап.
Бала күлкі жаңғырады жағадан,
Үміт болып жүректерге нұр жайнап.
Теңіз кетсе – кетпепті елдің арманы,
Құм астында өшпепті үміт жалғаны.
Арал барда тірі барлық рухымыз,
Аты мәңгі жүрегімде қалғаны.
Әсел АҚҚАСИНОВА
№220 орта мектебінің 11 сынып оқушысы 
19 мамыр 2026 ж. 35 0