Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҰРТЫНА ЖАНАШЫР БОЛҒАН ЖЕТКЕРГЕН

ЖҰРТЫНА ЖАНАШЫР БОЛҒАН ЖЕТКЕРГЕН

Ол саналы ғұмырын денсаулық саласына арнады. Елдің саулығы үшін күн – түн демей қызмет қылды. Міне, осынау аққалатты абзал жан сексеннің сеңгіріне шығып, әдемі қартая білді.
         Иә, Жеткерген Өтегенов бас тақырыпта айтып өткеніміздей жұртының жанашыры болып, ылғи да алғыс арқалады. Антқа адалдығымен дараланып, білікті дәрігерлердің қатарынан ойып тұрп орын алды. Аралдың алтынына балаған тұзшылар кентіндегі №19 орта мектепті бітірген соң арманға қанат байлаған азамат 1963 жылы Алматы медициналық институтына түсті. Аталмыш қара шаңырақта біліктілігін шыңдап, алғашқы еңбек жолын балалар дәрігерінен бастады. Артынша, яғни 1973 жылы аудандық аурухана бас дәрәгерінің аналар мен балаларға көмек көрсету бойынша орынбасары қызметін атқарды. Кейін ауылдық аурухана қызметін жақсарту мақсатында – Қамыстыбас ауылдық аурухананың бас дәрігері болып мінсіз жұмыс жасады.
         Өнегелі өмір иесі қашанда сауапты істердің басынан табылып, мемлекет саясатын алға бастыруда біркісідей үлес қосты. Шебер ұйымдастырушылығымен ерекшеленген дәрігер қоғамда өз орнын айшықтап, зор беделге иелік етті. Перзент өсіріп, балаларым бақытым деп білген Жеткерген Жанділдаұлы қазіргі таңда тізесіне немере ойнатқан қарияға айналды.
         Марапаттан да кенде емес. Өткен жылы Қызылорда облысының құрмет грамотасын еншілеп, абырой биігінен көрінді. Сондай – ақ, Денсаулық сақтау ісінің үздігі атанып, облыстық , аудандық кеңесінің белді мүшесі ретінде танылды.
Қойбағар АЯҚБАЕВ,
Қазақстан журналистер одағының мүшесі
23 маусым 2026 ж. 23 0