Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » КЕЗЕКТІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

КЕЗЕКТІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

19 маусымда 22:00-00:00 аралығында аудан әкімі аппаратының, аудандық прокуратура, АПБ-нің, білім мекемелері басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен рейд жұмыстары жүргізілді.
Рейдтте қала аумағындағы бірнеше сауда орталықтары мен көпшілік демалыс орындары қамтылды.
Рейд барысында кәсіп иелеріне санитарлық тазалықты сақтау, кәмелетке толмағандарға арналған шектеулер мен алкогольдік өнімдерді сатудың заңдылығы жеткізілсе, көпшілік демалыс орындарында кәмелетке толмағандардың белгіленген уақыттан тыс заңды өкілінсіз жүрмеу, қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігімен (кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз түнгі уақытта жүруі) 6 хаттама толтырылды.
23:00-ге дейінгі мезгілде үй жайынан тыс жүрген кәмелетке толмағандарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, үйлеріне қайтарылды.

20 маусым 2026 ж. 32 0