Конституция
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АЛПАМЫС БОЛАТҰЛЫ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

АЛПАМЫС БОЛАТҰЛЫ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Тайланд елінің Паттайя қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен тағы бір үкілі үмітіміз үздіктер қатарынан табылып, қола жүлде қанжығалады. Алпамыс Болатұлы U20 жастар арасындағы Азия чемпионатында 60 кг салмақ дәрежесінде белдесіп, жүлдегер атанды.

Мақтанышымыз Алпамыс Болатұлы 2007 жылы Арал қаласында дүниеге келген. Арал қаласындағы №62 мектеп – лицейінде оқыған (9 сыныпты тәмамдаған – 2021 – 2022 оқу жылы). 10 сыныптан бастап Астана қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжінде оқыған. Қазіргі таңда осы оқу орнының студенті.

Грек – рим күресімен 2016 жылдан бастап шұғылданған. Жаттықтырушылары – Төлебаев Бахтияр Бақытбекұлы және Қожекенов Талғат Жүсіпбекұлы (№19 Арал ОРМБЖ мектебі), Кегенбаев Дәурен, Кулсагуров Оралхан (Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат - колледжі).

Байрақты жолда бірқатар жетістіктері де бар. Атап айтқанда грек – рим күресінен U17жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының 55 кг салмақ дәрежесі бойынша күміс жүлдегері (Иордания, Амман 20. 08. 2024 жыл), Грек-рим күресінен U15 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы (Бахрейн, Манама 2022 ж.), Грек – рим күресінен жасөспірімдер(U15 және U17) және жастар(U20) арасындағы ҚР чемпионатының 5 дүркін жеңімпазы(2022, 2023, 2024, 2025, 2026 жыл) және ҚР VI Жастар спорт ойындарының жеңімпазы(2025 жыл).

Бүгінде ол грек-рим күресінен ҚР спорт шебері.

Аудан мақтаншына айналған Алпамыс Болатұлын жарқын жеңісімен құттықтаймыз.

03 шілде 2026 ж. 37 0