Конституция
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАЙЛАНДТАН ҚОЛА ЖҮЛДЕ БҰЙЫРДЫ

ТАЙЛАНДТАН ҚОЛА ЖҮЛДЕ БҰЙЫРДЫ

Бүгін Тайландтан ақжолтай хабар жетті. Елдің Паттайя қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен U20 жастар арасындағы Азия чемпионатында 55 кг салмақ дәрежесінде Кабулов Әмірмұхаммед қола жүлдегер атанды.

Бұған дейін бірнеше мәрте жүлдегер атанып жүрген Әмірмұхаммед 10 сыныптан бастап Астана қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжінде оқыған. Қазіргі таңда осы оқу орнының студенті.
Грек – рим күресімен 2016 жылдан бастап шұғылданған. Жаттықтырушылары – Төлебаев Бахтияр Бақытбекұлы және Қожекенов Талғат Жүсіпбекұлы (№19 Арал ОРМБЖ мектебі), Кегенбаев Дәурен, Кулсагуров Оралхан (Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат - колледжі).

Жетістіктеріне тоқталар болсақ, Грек-рим күресінен U15 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы (Бахрейн, Манама 2022 ж.)
Грек – рим күресінен жасөспірімдер(U15) және жастар(U20) арасындағы ҚР чемпионатының 2 дүркін жеңімпазы(2022, 2026 жыл)
Грек – рим күресінен жасөспірімдер(U17) арасындағы ҚР чемпионатының күміс жүлдегері (2024 жыл)
ҚР VI Жастар спорт ойындарының жеңімпазы(2025 жыл)
Грек-рим күресінен ҚР спорт шебері

Жерлесімізді жарқын жеңісімен құттықтаймыз!

01 шілде 2026 ж. 29 0