Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жарқын болашаққа нық қадам

Жарқын болашаққа нық қадам

Халыққа мәлім болғандай жиылғы Жолдауда білім беру саласына ерекше назар аударылған. Елбасы жастардың тегін кәсіптік білім алуға, еңбек нарығының сұранысына орай дуалдық жүйемен сапалы, білікті маман болуға үштұғырлы тілді меңгеріп, бәсекеге қабілеттілік мүмкіндігін арттыруға басты назар аударылуда. Өмір өзгеріске толы. Ғылым мен техника қарышты дамуда. Бұл – келешек жастарымыздың жаңарған өмірге сай жаңа сападағы білім алу мәселесіне әрдайым Елбасының ерекше көңіл бөлуінің айғағы. Сол себепті, осы өзгерістен қалыс қалмай, ілесе алу үшін білім беру мазмұны да жаңартылуда.
Ақпараттар ағымы күшейген, жаңалықтарға толы қоғамда ақыл – ой мүмкіндігін пайдаланып, жастарымыз қай салада болмасын үздік шығып, жетістікке жетуі қажет.
Елбасының «Кез келген ел өз келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады» деген сөзінен – ақ Жолдауда қойылған мақсат – міндеттерді елдің ертеңгі болашағы бүгінгіден нұрлы болуын қалыптастыру жолындағы игі істердің бастамасы деп білеміз.
Г. Жолмаханова.
20 ақпан 2018 ж. 2 624 0