Шоқан салған суреттегі Сартай кім?
Шоқан Уәлихановтың бейнелеу өнері саласындағы еңбектері аз емес. Тіпті артында 150 шақты сурет қалғаны, көбінесе қарындаш, акварель, майлы бояумен, ал кейде туш, қалам, сиямен жұмыс істегені айтылып та, жазылып та жүр. Оның қолынан шыққан суреттер ХІХ ғасырдың 60 жылдарында «Всемирная иллюстрация», «Искра» және тағы басқа басылымдарда жарық көргенін қалың оқырман біледі деп ойлаймын. Сонымен қатар тастағы жазуларды, суреттерді және кейбір суреттерді қайта көшіріп салғанынан да хабардармыз. Мені қызықтырғаны 1856 жылы Шоқан Уәлиханов салған «Сартайдың портреті». Бұл сурет қазақ мәдениеті энциклопедиялық анықтамалықтың 604 бетінде басылған. (Алматы. 2005 ж. Аруна баспасы). Портретте қолындағы кездікпен садақ оғын жонып отырған жасы 40-қа таяған батыр бейнеленген. Өзім жайлы айтсам, 1726 жылы Ұлытау маңындағы «Қалмаққырылған» деген жерге мың баладан жасақ ұйымдастырып, қол бастаған Сартай батыр Байжанұлы туралы ізденіп жазып жүргенмін. Кезінде Орынбет ақсақал ақын Нұрмағамбет Қосжанұлына «Сартай батыр» дастанын жаздырарда 1932 жылдары Томанұлы Жетпіс Сартайдың суретін, бұрын жазылған өлең үзінділерін, жер аттары мен кісі аттары жазылған қағаздарын берді деп естігенмін. Ол не сурет екенін ешкім білмейді, өйткені жазылған дастанның өзі толық нұсқасы сақталмай, қызыл саясаттың қаһарынан қорыққан ел жерге көміп, соңы жоғалған деп естігенмін.Шоқан Уәлихановтың бейнелеу өнері саласындағы еңбектері аз емес. Тіпті артында 150 шақты сурет қалғаны, көбінесе қарындаш, акварель, майлы бояумен, ал кейде туш, қалам, сиямен жұмыс істегені айтылып та, жазылып та жүр. Оның қолынан шыққан суреттер ХІХ ғасырдың 60 жылдарында «Всемирная иллюстрация», «Искра» және тағы басқа басылымдарда жарық көргенін қалың оқырман біледі деп ойлаймын. Сонымен қатар тастағы жазуларды, суреттерді және кейбір суреттерді қайта көшіріп салғанынан да хабардармыз. Мені қызықтырғаны 1856 жылы Шоқан Уәлиханов салған «Сартайдың портреті». Бұл сурет қазақ мәдениеті энциклопедиялық анықтамалықтың 604 бетінде басылған. (Алматы. 2005 ж. Аруна баспасы). Портретте қолындағы кездікпен садақ оғын жонып отырған жасы 40-қа таяған батыр бейнеленген. Өзім жайлы айтсам, 1726 жылы Ұлытау маңындағы «Қалмаққырылған» деген жерге мың баладан жасақ ұйымдастырып, қол бастаған Сартай батыр Байжанұлы туралы ізденіп жазып жүргенмін. Кезінде Орынбет ақсақал ақын Нұрмағамбет Қосжанұлына «Сартай батыр» дастанын жаздырарда 1932 жылдары Томанұлы Жетпіс Сартайдың суретін, бұрын жазылған өлең үзінділерін, жер аттары мен кісі аттары жазылған қағаздарын берді деп естігенмін. Ол не сурет екенін ешкім білмейді, өйткені жазылған дастанның өзі толық нұсқасы сақталмай, қызыл саясаттың қаһарынан қорыққан ел жерге көміп, соңы жоғалған деп естігенмін. Сартай бидің алты баласынан өрбіген кейінгі ұрпақтарының үйінде Ш.Уәлиханов салған портреттің көшірмесі ілулі. Ш.Уәлиханов 1835 жылы туып, 1865 жылы қайтыс болған ғой және кіші жүз арасында болғанын айғақтайтын дерек тағы жоқ». Ал Сартай батыр Байжанұлы 1711 жылы туып, 1818 жылы қайтыс болған дейді көнекөз қариялар. Ұлы және орта жүзде аты алты алашқа танылған Сартай есімді аттас батыр не би болмаған сияқты, өйткені шежірелерді біраз аударып қарадым. Кіші жүзде Шөмекей аталығының Бозғұлынан тарайтын Балқыдан Құлжаманұлы Сартай би ХVІІ ғасырда өмір сүрген. Кезінде кіші жүзге аты мәлім би болған. Бұл екі би де Ш.Уәлихановтан бір-екі ғасыр бұрын жасаған, кездеспеген деп нақты айтуға болады. Сонда Ш. Уәлихановтың салғаны кім, қай Сартай? Осы мәселені анықтауға суретшілер мен тарихшы ғалымдар атсалысса деген үлкен өтінішім бар.
Менің ізденісім бойынша саяхатшылар Арал теңізін әруақытта картаға түсірген, бірақ олардың көбісі бұл күнге жеткен жоқ, сақталмаған. Мысалы, 1558 жылғы ағылшын Джинкенсон, 1664 жылы голландиялық Николай Витсен, 1723 жылы Далилия, 1734 жылы Крылов, 1741 жылы Муровин картаға түсірген. 1714 жылы І Петрдің жарлығына сәйкес ұйымдастырылған Бекович-Черкасский экспедициясы сәтсіздікке ұшырауына байланысты, 1737 жылы екінші рет Кирилов басқарған экспедиция жіберіледі. 1768-1769 және 1770-1774 жылдары Арал өңірін И.Георги, П.Палас және Фалька зерттеп, құнды деректер қалдырған. 1731 жылы Әбілқайыр ханның шақыртуымен келген орыс елшісі А.Тевкелев және тағы басқа да патшалық Ресейдің Хиуа, Бұхараға жіберген елшілері Арал өңірінде болған. Бұл зерттеулердің барлығы белгілі мақсатты ұстанды. Теңіздің байлығын пайдалану, Шығыс және Орта Азия мемлекеттеріне барудың жолын іздеді. Бұлардың барлығы жүрген жерлерін, қазақтың атақты байларын, би-батырларын, сұлтандарды, хандарды суретке салумен қатар, олардың көшіп-қонатын қоныстарын да картаға түсірген. Ондағы мақсаттары – отарлау саясатын жүзеге асыруға кедергі келтіретіндей болса, қазақтың біртуар азаматтарының көзін жою болған. Сол кезде орыс елшілерінің және теңізді зерттеуге жіберілген экспедиция құрамында топограф, суретшілер болғаны ақиқат. 1848 жылы зерттеуші-саяхатшы, контрадмирал А.Бутаков басқарған экспедиция құрамында украин халқының ұлы ақыны Т.Шевченконың болғанын барша ел біледі. Арал теңізінің жағалауында екі жыл өмір сүрген ол артына 450 сурет қалдырыпты. Ал одан бұрынғы, кейінгі саяхатшылар арасындағы суретшілердің Райым бекінісінен 40 шақырым жердегі Ақшатауда тұрған Сартай батырды суретке салуы әбден мүмкін-ау. Он бесінде қол бастаған Сартай батырдың атағы алысқа кеткен, әрі Ш.Уәлихановтың бабасы Абылай ханның шақыртуымен орта жүз жерін жоңғардан азат ету үшін бірнеше рет шекті қолын басқарып барған. Батыр жайлы ел адамдарынан естіген Шоқан Сартай батырдың суретін өзі жетілдіріп қайта салып журналға жариялатуы мүмкін деп ойлаймын. Осы портрет жөнінде білетін адам болса, редакцияға хабарласса, нұр үстіне нұр болар еді.
Ж.КЕҢЕСОВ,
Приозерск қаласының мемлекеттік мұрағат директоры
«Егемен Қазақстан» газеті 10 маусым 2009 жыл
«Егемен Қазақстан» газеті 10 маусым 2009 жыл










