Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шежірелі арыстарға сөз берген

Шежірелі арыстарға сөз берген

Аққұм өңірінің тарихын түгендеп жүрген өлкетанушы, «Еңбек сіңірген қызметкер» төсбелгісінің иегері
Мырзагүл Рсалиева
Болмаса да журналист не қаламгер,
Ізденудің бір үлгісін одан көр.
Бір ғасырлық Шижағаның тарихын,
Тауып жатқан, жазып жатқан жалаугер.

Өткен күнді жақындатса өзгерген,
Алғыстарын жаудырады көз көрген.
Кезеңдердің ақтаңдағын ашып ол,
Шежірелі арыстарға сөз берген.

Көне сурет, естеліктер - теберік,
Айта алмаспыз біткен іске төрелік.
Мырзагүлдің жазбаларын тауып ап,
Әлеуметтік желілерден көрелік!

Жазбаларда қаншама өмір, тағдырлар,
Ұрпақтардың санасында жаңғырар.
Текті қыздың көп арналы еңбегін,
Бағалайтын туған жері, халқы бар.

Әр олжасы - бір өмірлік шығарма,
Болашақта сөрелерде тұрар ма:
Жылдар бойы жиған-терген "байлығы",
Баспалардан кітап болып шығар ма?!
22 қазан 2026 ж. 54 0