Аралдың тұңғыш тұрғынының ұрпағы
Аудандықтұрғын-үйкоммуналдықшаруашылығы, жолаушыларкөлігіжәнеавтомобильжолдарыбөлімініңсектормеңгерушісіБолатШүкіровкеІздегендер әз-тарихтан табады,
Білу керек аралдықтар бабаны.
Әбдір Ата - Әбдірахман дарабоз-
Ол Аралдың ең алғашқы адамы!
Алтықұдық ақ шағылын жай қылған,
Лаушылық қызметін жайдырған.
Жақын қоныс жағасында теңіздің,
Берекетін көргендей ол айдынннан.
Мекен болып екі ғасыр өтіпті,
Шағын ауыл қала болып жетікті.
Көмілсе де құйынында уақыттың,
Қызыл үйді ұмытпапты ел тіпті...
Біздің Болат - Әбдір Ата ұрпағы,
Тағзым етіп бабасына жүр тағы.
Өшіре алмас бұрынғының іздерін,
Замананың сапырылған бұлтағы!
Баба даңқы ел мен жұртқа жайылар,
Мұражайға жәдігерлер қойылар.
Тұңғыш тұрғын Әбдір Ата дананың
Болаттармен тойланатын тойы бар...










