Айқара ашық болашаққа жолдары
ГүлжайнаДәрімбетоваға
Талапкері заманауи ілімнің,
Дараланған арнасында білімнің.
Гүлжайнаны байқаулардан көреміз,
Болып жүрген жаңашылы бүгіннің.
Жан емес ол үйретуден жалыққан,
Шәкірт үшін білім нәрін сарыққан.
Баспалдақтап биіктерге ұмтылса,
Ұстаздықпен ұлағатты дарытқан.
Айқара ашық болашаққа жолдары,
Басшылары деме қалай қолдады:
Әдістеме, дәрісте де, бәрінде
Белгілі ғой мықты маман болғаны.
Айтсақ-дағы белестерден асты деп,
Бүр жаратын армандарын тосты көп.
"Теңестірсем ауылымды қалаға"-
Деп шалғайда жүр ғой енді басшы боп.
Талаптыны өмір өзі жырғайды, ә,
Білімділер алғы сапта тұрмай ма.
Үздіктермен қатарласып бір жүрер,
Қара да тұр көп ұзамай Гүлжайна!
Ерғали АБДУЛЛА










