Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құландының қиялшыл ақын қызы

Құландының қиялшыл ақын қызы

№77 Құланды орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ақын Айымгүл ДАУЛЕТОВАҒА
Ұстаздығы–ғұмырының арманы,
Шәкірттермен бірге атар әр таңы.
Ұлағатын Айымгүлдің алғандар
Қанаттанып мұратына тартады!

Ал өлеңі жұлдыздардай толы аспан,
Мүшәйрада жарқырауға таласқан.
Әму, Сырдай Аралында табысар,
Ұстаздық пен ақындығы жарасқан.

Айдын су жоқ, құйын кезген
қырында,
Толқын ойнар енді бұйрат құмында.
Құландының сағынышты сыры бар,
Айымгүлдің айдай көркем жырында!

Көңіліне жазиралар жақын ба,
Жырлап жүр ол туған жері қақында.
Жайсаңдардың жан-жүрегін жібітер,
Шекара жоқ шабыттанған ақынға.

Сұлу сөзден сән-салтанат жасады-ай,
Сезім селін жырға нәр ғып қосады-ай!
Өлеңінің барша бабын келтірер,
Жүрсе-дағы мектебінен босамай!
Ерғали АБДУЛЛА
22 қазан 2026 ж. 65 0