Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Республика күніне орай жастармен диалог алаңы өтті

Республика күніне орай жастармен диалог алаңы өтті

Республика күні – елдігімізді айшықтап, тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін ұғындыратын маңызды мереке. Осы айтулы күнге орай Арал көпсалалы колледжінің студенттерімен жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған диалог алаңы ұйымдастырылды.
Кездесуге «Жастар Рухы» жастар қанаты Арал аудандық бөлімшесінің жетекшісі Сабырбай Ержан Әділжанұлы қатысып, студенттермен ел болашағы, отаншылдық және жастардың қоғамдағы рөлі жөнінде пікір алмасты.
Басқосу барысында Республика күнінің тарихи маңызы, Қазақстанның қалыптасу жолы мен тәуелсіздіктің қадірі сөз болды. Сонымен қатар жас ұрпақтың ел дамуына қосар үлесі, қоғамдық өмірге белсенді араласуы және азаматтық жауапкершілігі туралы ойлар ортаға салынды.
Елдің ертеңі – білімді, белсенді әрі жауапкершілігі жоғары жастардың қолында. Сондықтан өскелең ұрпақтың патриоттық рухын нығайтып, олардың бастамаларына қолдау көрсету – маңызды міндеттердің бірі.
24 қазан 2026 ж. 48 0