Рейд жұмыстары тұрақты жүруде
Мереке қарсаңында аудан әкімі әкімінің орынбасары Н. Бохаев, аудан прокурорының орынбасары Р. Нұрлыбаев, қоғамдық даму бөлімінің басшысы М.Марат және Аудандық Пб-нің, білім бөлімінің, мектеп директорларының, Арал көпсалалы, Арал индустриялды- техникалық колледжінің қызметкерлерінің қатысуымен күшейтілген рейд жұмыстары жүргізілді. Рейд барысында қала аумағындағы бірнеше сауда орталықтары мен көпшілік демалыс орындары, аллеялар мен саябақтар қамтылды.
Белгіленген уақытқа дейін көшеде заңды өкілінсіз жүрген 10~нан астам кәмелетке толмағандарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, үйлеріне қайтарылды. Сонымен бірге кәсіп иелеріне санитарлық тазалықты сақтау, кәмелетке толмағандарға арналған шектеулер мен алкогольдік өнімдерді сатудың заңдылығы жеткізілді.
"Толқын" ақпарат











