Мәслихаттар сайлауы
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дерматомикоз ауруының алдын алу

Дерматомикоз ауруының алдын алу

Дерматофития (қазақша жиі теміреткі деп аталады) — теріні, шашты және тырнақты зақымдайтын жіп тәрізді   саңырауқұлақтар тудыратын жұқпалы тері ауруы. Бұл ауруды Trichophyton, Microsporum және Epidermophyton тектес дерматофит саңырауқұлақтары қоздырады.
Негізгі белгілері мен түрлері
Сыртқы көрінісі:  Денеде дөңгелек немесе сопақша пішінді, жиектері қызарған, қабыршақтанған дақтар пайда болады.Қышу және мазасыздану: зақымданған жерлер қатты қышуы мүмкін.Шаш пен тырнақтың өзгеруі: щаштың түсуі (алопеция), шаштың түбінен сынуы немесе тырнақтың қалыңдап, сарғаюы (онихомикоз) байқалады.
Түрлері: Шаш бөлігінің дерматофитиясы, гладкая кожа (тегіс тері), табан мен қолдың дерматофитиясы, шап аймағы және тырнақ дерматофитиясы болып бөлінеді.
Қалай жұғады?
Науқас адамнан немесе ауру жануарлардан (мысалы, мысық, ит, ірі қара мал) тікелей жанасу арқылы.Тұрмыстық заттар (орамал, тарақ, төсек-орын, киім) арқылы. Бассейн, монша, спортзал сияқты ылғалдылығы жоғары қоғамдық орындарда.
Диагностика және емдеу
Диагностикасы: Дерматолог дәрігер теріні тексеріп, Вуд лампасымен қарау, қырындыны микроскопиялық зерттеу немесе ПЦР талдауы арқылы анықтайды.
Емі:  Дәрігер тағайындаған арнайы жергілікті (мазь, крем, гель) және жүйелік (таблетка түріндегі) антимикотикалық (саңырауқұлаққа қарсы) препараттар қолданылады
          Арал аудандық  СЭБ басшысы:           А.Сатекеева 
16 қараша 2026 ж. 104 0