Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кез келген қан тобы жарайды: Қостанайда күйік шалған 6 айлық сәбиге қан керек

Кез келген қан тобы жарайды: Қостанайда күйік шалған 6 айлық сәбиге қан керек

Алты айлық қыз бала көмекке мұқтаж. Тұңғышбаева Ясмин Саятқызының денесінің 60%-ын күйік шалып, аурухананың жансақтау бөліміне түсті.

Ясминге көмектескісі келетіндер Қостанайдағы облыстық қан тапсыру орталығына баруына болады. Өзімен жеке куәлігі болуы керек. Кез келген қан тобы жарай береді. 
Қан тапсырушылар (8-714-2) -266-274,  (8-714-2)-266-306 телефон нөміріне хабарласа алады. 
Айта кетейік, қыз бала Жітіқара ауданынан ауыр күйік шалып ауруханаға түсті. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Сәбиге ота жасау керек.
http://stan.kz
29 мамыр 2019 ж. 802 0