Тізерлеп құлаған соң ғана көмектескен: Әскерге барған сарбаз менингококк ауыруына шалдықты

Бастапқыда шекара қызметкерлері борышын өтеп жүрген сарабазға ауыру су арқылы жұққан деп болжам жасаған көрінеді. Алайда бұл дерек көп ұзамай жоққа шығарылды.
" Барлық диагноздары алғашында катаральды ангинаға ұқсас болған. Тура сол уақытта 19-да қалай лазеретке келді емдеуге әскери дәрігерлер сарбазды қабылдады. Яғни жаңағы кейбір алып-қашпа сөздерде айтылғандай оны симулянт деп атап, жібермей немесе анда жұмсап, мұндай жұмсап ондай әрекеттердің болмағандығына мен барлық жауапкершілікпен айта аламын", - деп түсіндірді ҰҚК шекара қызметінің баспасөз хатшысы Қанатбек Сұлтанов.
Ал, Дамир Зекеннің қазіргі жағдайын дәрігерлер басқаша баяндады. Сарбаз ауырып тұрғанын айтса да, жаттығу жұмыстарын жалғастырған. Артынша сұлап түсіп, қалалық ауруханаға жеткізілді.
"Науқастың шынымен де менингокок дертіне душар болғандығы анықталды. Қазіргі таңда сарбаз түрлі терапиялық ем қабылдап жатыр. Өзімен сөйлескен уақытта, шамамен 20 сағат бұрын дертке шалдыққанын сезген. Мұндай ауруға шалдыққан науқастардың емделу уақыты әртүрлі болғандықтан, нақты қай уақытта толықтай жазылатындығын айта алмаймыз", - дейді Алматы қаласы жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Тамара Отағанова.