Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұр-Сұлтанда студенттер жатақханаларын салуға 16 жер телімі бөлінді

Нұр-Сұлтанда студенттер жатақханаларын салуға 16 жер телімі бөлінді

Елорда бойынша жатақханаларға қажеттілік 17 636 орынды құрайды. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз конференциясы барысында ҚР білім және ғылым вице-министрі Б. Асылова айтып берді.

Елбасының Бес әлеуметтік бастамасы аясында 2022 жылдың соңына дейін 75 мың орынға жаңа студенттер жатақханалары пайдалануға берілуі тиіс. ҚР білім және ғылым вице-министрі Б. Асылова Қазақстан астанасында студенттер жатақханасын салу үшін 16 жер телімі бөлінгенін айтты.  
«2 жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, 5-уі әзірлену үстінде. 710 орынға екі келісім жасалды және 4964 орынға 5 келісім келіссөздер сатысында. 370 орындық КАЗГЮУ жатақханасының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр, сонымен қатар  340 орындық басқару колледжінің реконструкциясы жасалуда. Биыл олар пайдалануға беріледі», — деді Б. Асылова.  
Сонымен қатар, осы жылдың үшінші тоқсанында үш жатақхана реконструкцияланады. Олар — басқару колледжінің, «Астана» медициналық университетінің жатақханалары, сондай-ақ Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жатақханасы. 
Білім және ғылым вице-министрі атап айтқандай, жатақханалардың меншіктегі екеніне немесе МЖӘ қатысуымен салынғанына қарамастан, барлық жатақханалар бойынша қызмет көрсету және пайдалану шығындарын ЖОО немесе колледждің өзі көтереді. 
«Бұл оның тікелей шығындары. Студенттерге шығындар шартты алғанда шәкіртақы көлемінің 10%-нан аспайды. Бұл аз ғана минимум, 10 мың теңге шамасында, ал орта есеппен алғанда, тұру шығындарының өзіндік құны 35 мың теңгеге дейін құрайды. Бұл олардың міндеттері», — деді Б. Асылова.  
Бұл ретте ол жатақханалар құрылысына инвесторлар қатысқан жағдайда, келісім нысандардың мақсатты иелігін өзгерту құқығынсыз 20 жылға жасалатынын айтты. 
«Жатақхана салынған сәтте-ақ бұл нысанға ауыртпалық қойылады және 20 жылға ауыртпалық қойылған соң келісім жасалып, тиісінше инвесторларға төлем жүргізіледі. 20 жыл бойы инвестор оның мақсатты арналуын өзгерте алмайды. Егер ол өзінің шешімін өзгертетін болса, бұл инвестор мемлекетке белгілі бір кезеңде төленген барлық қаражатты қайтаруы тиіс болады. Бұл ережелерде және заң актілерінде қарастырылған», — деп түсіндірді вице-министр.  
Б. Асылова сонымен қатар жуырда инвесторларға қойылатын негізгі талаптар 20%-ға қысқартылғанын еске салды, бұл олардың нысандарды салуға жұмсалатын шығындарын едәуір азайтады.

https://baq.kz 

14 маусым 2019 ж. 637 0