Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 33 мың алған таксистің оқиғасы: Ақшасын қайтарған шетелдік оны қайырымдылыққа жұмсады

33 мың алған таксистің оқиғасы: Ақшасын қайтарған шетелдік оны қайырымдылыққа жұмсады

Отандық журналист Шакир Исламбакиев әуежайдағы такси жүргізушісіне 33 мың теңге берген шетелдік азаматтың оқиғасы жалғасын тапқанын айтты

«Такси жүргізушісі табылды. Ақша қайтарылды. Шетелдік азамат бұл ақшаны су жетіспеушілігімен айналысатын WaterAid UK ұйымына қайырымдылық ретінде аударуды жөн көрді. Осы орайда ақпаратты жылдам таратуға қол ұшын созған журналистерге, әкімдіктегілерге, Visit Almaty, полиция мен әуежай баспасөз қызметіне алғысым шексіз», - деді Шакир Исламбакиев.
Әрі қарай ол туристердің мұндай жағдайға көптеп тап болатынын айтты. Сондай-ақ, ол осы жағдайдан кейін Алматы әуежайының маңында таксидің орташа бағасы жазылатын табло пайда болатынын бөлісті. 
«Мұнымен қатар, әлгі такси жүргізушісін қорғап сөйлеген жандарға алғыс айтқым келеді. Олар маған шетелдік азаматтың емес, қазақстандықтардың жағында болуым керегін айтқан еді. Мұндайдан өздеріңіз жиіркенбейсіздер ме? Жұртты алдап, ақшасын алып, алаяқтық жасайтын адамдарды қалай қолдауға болады? Мен еш уақытта оларға жақ болмаймын, рахмет», - деді Шакир Исламбакиев. 
Сөз соңында ол барша қазақстандықты мұндай алаяқтармен күресуге шақырды. 
Естеріңізге сала кетсек, Алматыда таксистің шетелдік жолаушыны әуежайдан қалаға 33 мың теңгеге алып келгені туралы хабарлаған болатынбыз. 
https://stan.kz
18 шілде 2019 ж. 507 0