Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық ерекше қабілетінен шошып, ғалымдардан көмек сұрап отыр

Қызылордалық ерекше қабілетінен шошып, ғалымдардан көмек сұрап отыр

 Қызылордалық Нартай Тұрсанов денесінің темір тартатынын айтады. Ол бұл құпияны ашатын ғалымдарды іздестіріп жатыр.
Тұрсанов қолдың көмегінсіз 200 келі ұстап тұра алады, деп жазады "Экспресс-К" газеті. Мұндай ерекше дарынын ер адам бала кезінде байқаған. Алайда ешкімге айтпауды жөн санапты.
Орал қаласының тұрғыны Қарлығаш Нығметованың да осындай қабілеті бар екен. Мұны көрген қызылордалық өзінің ерекшелігі туралы жұртқа айтпақ болған. Тұрсанов қазір денесінде темір ұстау бойынша әлем рекордын орнатқан.
"Мен спортшы емеспін. Өзімнің биоэнергиямды адамдарға көмектесу үшін қолданғым келеді. Мүмкіндігімнің шегін білмеймін. Денеммен 250 келі темірді ұстап көргім келеді", - дейді ол.
Ол өзінің қабілетін 2016 жылдағы олимпиада чемпионы Нижан Рахимовқа көрсетті.
Ерекше қабілет иесі ата-бабасының батыр болғанын айтады. Ал әкесі Махамбет Тұрсанов белгілі ақын болған. Ол қой сүйегін саусағымен сындыра алыпты.
Қазір Нартай Тұрсанов өзінің қабілеті туралы толығырақ мәлімет алуды армандайды. Алайда ғалымдар әлі қызығушылық танытқан жоқ дейді ол.
https://sputniknews.kz/society/20190819/11297741/qyzylordalyq-erekshe-qabilet.html






19 тамыз 2019 ж. 618 0