Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 3 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

3 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

1998 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Алматы облысы Қаскелең ауданының атауы Қарасай ауданы болып өзгерді.
2007 жылы  Қазақстан тарихында тұңғыш рет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандық оқушылар үшін «Жаңа Қазақстан - жаңа әлемде» интерактивті сабағын өткізді. On-line режимінде өткен сабаққа республика бойынша мыңдаған оқушылар қатысты.
2009 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола облысының Щучье ауданы Бурабай ауданы деп өзгертілді.
2011 жылы Венадағы ЕҚЫҰ штаб-пәтері орналасқан Хофбург сарайы залдарының бірінде Семей ядролық сынақ полигонының жабуылына 20 жыл толуына арналған фотокөрме ашылды.
2012 жылы Назарбаев Университетінде Қазақстан Президенті интерактивті дәріс оқыды. Лекцияның алдында Нұрсұлтан Назарбаев жаңа «Білім» телеарнасын іске қосты. Арнадан дәріс тікелей эфирде көрсетілді. Елбасы дәрістен кейін интерактивті режимде тыңдармандар сұрақтарына жауап берді.
2013 жылы Қазақстан халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловтың жүз жылдығына орай үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) «Әлем көшпенді бояуында» атты кітап-альбомы жарық көрді. Бұдан бөлек, суретші отбасының нұсқауымен ресейлік сарапшыларды тарта отырып, деректі фильм түсірілді. 30 минуттық фильмде қылқалам шеберінің тағдыры, өнер жолы сөз болды.
https://www.inform.kz/kz/3-kyrkuyek-kazakparat-kuntizbesi_a3559625
03 қыркүйек 2019 ж. 745 0