Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 50 iPhone таратып, ең танымал жұлдыздармен той жасаған атыраулық олигарх жұртты таңғалдырды

50 iPhone таратып, ең танымал жұлдыздармен той жасаған атыраулық олигарх жұртты таңғалдырды

Атыраудағы үйлену тойларының бірінде той қонақтарына 50 iPhone ұялы телефонын таратқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 
Бұл туралы той ұйымдастырушысы, асаба Руслан Ысқақов айтып берді. Асабаның айтуынша, той осыдан екі апта бұрын Атырау қаласында болған. "Иә, шынымен де ондай той болды. Тойды басынан аяқ өзім ұйымдастырып, басқардым. Шоу-бағдарлама бойынша 70-ке жуық шоу-балет өкілдері мен қазақ эстрада жұлдыздары болды", - дейді Руслан.
Асабаның айтуынша, тойда қазақ эстрада жұлдыздарының ішінде Қайрат Нұртас, "Арнау" тобы және  Әбдіжаппар Әлқожа өнер көрсеткен. Сондай-ақ тойда iPhone ұялы телефонынан бөлек басқа да бағалы сыйлықтар таратылған. 
https://tengrinews.kz/story/50-iPhone-taratyip-en-tanyimal-juldyizdarmen-jasagan-379403/
18 қыркүйек 2019 ж. 645 0