20 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі
1913 жылы Семейде алғашқы қазақстандық футбол командалары: ССК, «Олимп», «Ласточка», «Орлята» және «Ярыш» құрылды. «Ярыш» футбол клубының құрамында қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезов (1897-1961) өнер көрсеткен.
2001 жылы Қарағандыда Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы этнопарк ашылды. Жалпы аумағы 36 га құрайтын этнопаркте Ұлытау және Қарқаралы таулары, Балқаш көлі, қаланың бас ғимараттары орналасқан.
2010 жылы теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы тарихта алғаш рет Девис кубогінің әлемдік тобына жолдаманы жеңіп алды.
2010 жылы Таразда Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына орай жазушы шығармаларының 30 томдық жинағы жарық көрді. Жинақ «Мемлекет қайраткерлерінің жадын мәңгілік ету» бағдарламасы аясында басып шығарылады.
2016 жылы алғаш рет біздің БҰҰ-ның Батыс Сахарадағы миссиясының (MINURSO) әскери бақылаушысы подполковник Асқар Қожағалиев MINURSO қолбасшысының бұйрығымен Ауусардтағы миссиядағы БҰҰ әскери байқаушылар базасының командирі болып тағайындалды.
https://www.inform.kz/kz/20-kyrkuyek-kazakparat-kuntizbesi_a3566463