Дәрігерлер әулетінің бастауында тұрған жан
Жұмыр жерді мекендейтін адамзат атаулының әу бастағы қастерлі мамандығының бірі емес бірегейі дәрігерлік десек, пәлендей жаңалық ашпағанымыз болар. Қадым заманнан-ақ ең құнды да қымбат қазына – адам, оның өмірі мен денсаулығы болды, бола да бермекші. Төрткүл әлемдегі барша ұлттың өкілі өз ортасында адам...












