Ұлы жол бойындағы ұлағатты іс

«Батыс-Еуропа – Батыс-Қытай» таранзиттік көлік дәлізінің бойында жолаушыларға қызмет ететін кәсіпкердің сервистік нысаны осы Сапақ маңында орналасқан. Бұл ауылда ұлттық мереке өз деңгейінде тойланды. Шаттанған бала, қуанған қарт. Бәрі де мерекелік мезетте бас қосып, ауыл халқының үйлесімді тірлігіне үн қосуда. Ұлыстың ұлы күнінде жиналған жұртшылық алдында ауыл әкімі Ж.Жалғасбаев сөз сөйлеп, барша ауылдастарды мерекелерімен құттықтады. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында көпшілікке көже дайындап, өзінің жомарттығын танытқан кәсіпкерге де ауыл халқының атынан алғысын білдіріп, кәсібіне береке тіледі.
Иә, қашанда елдің қамын ойлайын іскер азаматтар барда жұрт жұтамайды. Оған дәлел мереке қарсаңында ұйымдастырылған осындай бастамалар. Мұндай жұмыстар кәсіпкерлердің де әркез елмен бірге екенін көрсетеді.
А. ҚАРАСАЙ