ПОЙЫЗДАҒЫ ӨРТ: ҚАЗА БОЛҒАНДАР САНЫ 60-ТАН АСТЫ

Әлемдік БАҚ-тардың жазуынша, қазіргі уақытта өрттен қаза тапқандар 64 адамды құрап отыр. Бұдан бұрын 25-ке жуық жолаушы қаза тауып, 30-ы зардап шеккенін хабарлаған едік.Ел президенті Ариф Алви мен премьер-министр Имран Хан Карачиден Равалпиндиге бет алған пойыздан шыққан өрттен көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Оқиға Лиакатпур қаласында болды.
Премьер-министр құзырлы билік органдарына оқиғадан зардап шеккендерге шұғыл және сапалы медициналық көмек көрсетуді тапсырды.APP мәліметінше, өрт жолаушылар өздеріне таңғы ас әзірлеп жатқан кезде газ баллонының жарылуынан шыққан. Жалын эконом-санаттағы екі вагонды және бизнес-санаттағы бір вагонды шарпыған.