Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Таразда екі бала тірідей жанып кетті

Таразда екі бала тірідей жанып кетті

Тараз қаласында екі оқушы бала өрт салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 77news.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейресми ақпаратқа сүйенсек балалардың екеуі де бір үйдің адамы болуы мүмкін. От шыққанда олардың сыртқа шығуға еш мүмкіндігі болмаған. Себебі екеуін үйдің сыртынан құлыптап кеткен екен.
Отпен ойнаған балғындар ойын соңы қасіретпен аяқталарын аңғармаған болар. Қызыл жалын құрсауында қалған балалар аман қалмаған.
Әзірге мәлім болғаны олардың екеуі де қалалық 17 мектептің оқушысы.

Baq.kz
13 сәуір 2018 ж. 1 091 0